«2025 жылғы 14-қарашада лицейімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында жалпы орта білім беру мектептерінің 6-сынып оқушыларына арналған С.Т. Хасанова атындағы IV "Математикалық АВАСА" облыстық олимпиадасы өткізі»
2025 жылғы 14-қарашада лицейімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында жалпы орта білім беру мектептерінің 6-сынып оқушыларына арналған С.Т. Хасанова атындағы IV "Математикалық АВАСА" облыстық олимпиадасы өткізілді. Аталған олимпиада мектеп директоры, математика пәнінің мұғалімі С.Т. Хасанованың құрметіне, еске алу бағытында 4 жыл қатарына зияткерлік жоба ретінде өткізіліп келеді. Олимпиаданың мақсаты: оқушылар арасынан математикадан қабілеті жоғары дарынды балаларды анықтау, жасөспірімдер олимпиадалық құрама командасын қалыптастыру, балалардың математика ғылымына деген шығармашылық қызығушылықтарын дамыту. Олимпиада 2 кезеңде өткізілді. I кезеңіне 12 мектептің 60 оқушысы қатысты. 6 мектеп іріктеуден өтіп, II кезеңге 30 оқушы жолдама алды. «Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры» делінген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасында. Осындай тәрбие мен білімді қатар ұстаған дарынды оқушылар жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сайыс қорытындысы бойынша I орынды Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебінің командасы жеңіп алып, ауыспалы кубогының иегері атанды. Павлодар қаласының Ж.Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебі II орынға, Ақсу қаласының Қ. Сатбаев атындағы мамандандырылған мектеп гимназиясы III орынға ие болды. Аталған олимпиадаға "Olymp house" орталығы демеуші болып, жүлдегерлерге I орынға – 50 000, II орынға – 30 000, III орынға 20 000 теңгелік ақшалай сертификаттар табыстады.
Дарынды балаларды қолдап, шараға демеуші болған «Olymp house» орталығының басшысы Абулгазинов Мохаммед-Али Наскеновичке алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаз бен жүлдегер оқушыларды құттықтап, әрдайым жеңіс тұғырында болыңдар дейміз.